Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы тағайындалды

«Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен «Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Айекешов Жігер Оңдасынұлы тағайындалады.

Айекешов Жігер Оңдасынұлы 1985 жылы туылған.

Білімі жоғары 2011 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Болашақ» университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы мұғалім қызметінен бастаған.

2011-2012 жылдары Қызылорда қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеші, әлеуметтік педагог;

2012-2021 жылдары Қызылорда қаласындағы аймақтық дене тәрбиесі орталығында әдіскер, аға әдіскер, директордың көмекшісі, бөлім басшысы қызметтерін атқарған;

2021-2022 жылдары Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған;

2022 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
17 қаңтар 2023 ж. 489 0