Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет

Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет

Сыбайлас жемқорлық алдын ала сөз байласу арқылы екі тараптың заң талаптарының бұзылуына жол беруі ретінде қарастырылады. Негізінен, сыбайлас жемқорлықпен тек қана мемлекеттік орган мен құқық қорғау саласында ғана емес, қоғам болып күресіп, алдын алуымыз қажет.

Жалпы алғанда, Ел Президенті Мемлекеттік басқару жүйесін жетіл­діру жөніндегі бірқатар шараны қабылдады. Мәселен Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының 44-бабы 5) тармақшасына сәйкес, мем­лекеттік басқару жүйесінің тиім­ділігін жаңғырту және арттыру мақсатында Қазақстан Респуб­лика­сының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Респуб­ликасының Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырған болатын.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызметтің) сыбай­лас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сон­дай-ақ сыбайлас жемқорлық құ­қық­бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Рес­публикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.

Сонымен қатар жаңадан құрыл­ған мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықпен күресу, алдын алу, жолын кесу жұмыстарын жандандыру мақсатында қатаң шаралар қабылдауға нақты тапсырмалар берді. Бұдан бөлек «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, заң талаптарын күшейтіп те қойды.

Сыбайлас жемқорлық тек пара алушы ғана емес, пара беруші де тікелей кінәлі. Кей жағдайларда пара алуға итермелеу фактілері орын алып жатады. Қандай жағдай болмасын жауапты мемлекеттiк лауа­зымды атқаратын адам өз міндетін адал, әрі қалытқысыз атқаруы қажет. Сыбайлас жемқорлық құ­қық­бұзушылық – бұл үшін заң­да әкімшілік немесе қылмыстық жауап­тылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекеті танылады.

Жыл көлемінде Сырдария аудан­дық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ба­ғы­тында көптеген жұмыстар атқарыл­ды. Тұрғындарға үнпарақ тарату, әлеуметтік желі­лерде бейнероликтер мен мақалалар жариялау сияқты жұмыс өз нәтижесін берері сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлықпен күре­су Қазақстанның бүгінгі күнгі күр­делі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеу­меттік қасірет болып табылатын жем­қорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Марат ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ,
аудандық дене тәрбиесі,
спорт және туризм бөлімінің басшысы

06 желтоқсан 2025 ж. 290 0