Екі тарапты татуластыру тетігі

Медиация жағдайында үшінші жақ деген ұғым болмайды. Медиация заңның тағы бір артықшылығы – мұнда қағазбастылық пен төрешілдікке, уақыттың созылуына, оның босқа зая кетуіне жол берілмейді. Мұның мәнісі – дауласушы жақтардың мәселесі мамыражай, бейбіт жолмен шешілуінде. Азаматтық немесе орта дәрежедегі қылмыстық іс сотта қаралып жатса да, бір мезгілде келісім-шарт бойынша өзара бітімге келіп үлгерген екі жақтың ортақ ұйғарымы сотқа жолданған жағдайда аталған азаматтық немесе қылмыстық іс қысқартылады. Яғни, сот бұл мәселе бойынша үкім шығармайды. Медиаторлар кінәлі немесе кінәсіз жеке және заңды тұлғаларды іздемейді. Ол тек тартысушы тараптарды өзара ыңғайлы шешім қабылдауға бағыттайды.
Сондай-ақ медиация жолымен жасалған келісім тараптар арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі сақтауға жәрдемдесе алады. Ең бастысы, медиацияның артықшылығы тартысушы тараптар одан кейін де бір-біріне кінә, өкпе артпай, оң және жылы шырайлы қарым-қатынаста қалады.
Н.Әбдікәрім,
аудандық соттың
бас маман – сот
отырысының хатшысы