Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау маңызды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау маңызды

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, қоғамның сенімін төмендететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Спорт және туризм саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау – саланың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Осы бағытта жүйелі әрі нақты іс-шара қабылданып, алдын алу жұмысы жүргізілуде.

Ауданда денешынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсет­кіші ол – тұрақты денешынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Жалпы аудан бойынша оқушылар және тұрғындарды қоса есептеген­де 15 429 спортшы, яғни халықтың 40 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда.


Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2 денешы­нық­тыру және спорт мекемесі, 1 спорт клубы және 1 балалар-жас­өспірімдер дене тәрбиесі даярлы­ғы клубы жұмыс жасайды. Жастар спортты жанына серік ету арқылы дені сау ұрпақ ретінде қалыптасып қана қоймай, тәрбиелі әрі саналы ұрпақтың қатарын арттыруға сеп­тігін тигізеді.


Жастарымыз спортпен шұғыл­дануы үшін ең бірінші кезекте спорт нысандары да халыққа қолжетімді деңгейде болуға тиісті. Мәселен, қазіргі таңда ауданымызда 2 ста­дион, 6 спорт кешені, 28 спорт зал, 21 жапсарлас спорт зал, 74 жазықтық құрылғы жұмыс жасауда. Барлық денешынықтыру және спорт нысандарының саны – 131-ді құрайды. Аталған спорт нысандар тегін негізде қызмет көрсетеді.


Аудан бойынша денешынықтыру мұғалімі және оқытушы-жаттық­ты­ру­шылар саны – 274. Оның 257 – жоғары білімді, 17 – арнаулы орта білімді мамандар бар. Жалпы білім беретін мектептерде – 134 денешынық­тыру пәнінің мұғалімдері жә­не 86 спорт бойынша жат­тықтырушы-оқытушы қызмет етеді.


Бөлімде бірқатар мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылып, «еGov» порталы ар­қылы лицензия алу, спорттық атақ­тарды растау сынды қызметтер автоматтандырылды.

2025 жылдың 8 айында 2 мем­лекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтатын болсақ, 2 адамға біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы бойынша беріліп, 2 адамның құжаты толық болма­уына байланысты кері қайтарылды. Бөлімге сыбайлас жем­қорлық тәуе­келдерін талдау мақсатында 2025 жылдың 1-30 мамыр ара­лығында ішкі тәуекелдерге талдау жұмысы жүргізілді.

Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүр­гізіліп, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет ресурсына жарияланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасына ұсыным хат жолданды.

Облыс әкімдігінің №51 қау­лысымен бекітілген Әртүрлі ныса­налы топтар деңгейінде деком­по­зицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сырдария аудандық «Жа­лын» тынығу-сауықтыру ла­­герін­­де «Ашық есік» күні өт­кізілді. Акция барысында лагерь тынығу­шыларына спорт саласы бойынша жұмыс жасайтын үйірмелер жөнінде кеңінен мәлімет беріліп, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жұмыстарды насихаттау мақсатында үнпарақтар таратылды.

Спорт пен туризм салаларында әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету арқылы біз дені сау ұлт пен сенім­ді туристік имидж қалыптастыра аламыз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ

Марат ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ,
Сырдария аудандық дене тәрбиесі,
спорт және туризм бөлімінің басшысы


14 қазан 2025 ж. 86 0