Мұздан абай болайық!
Қазіргі уақытта балық шаруашылығымен айналысатын табиғат пайдаланушы меншіктің иелері су жануарларының тұншығып өлу, жаппай қырылудың алдын-алу мақсатында су айдындарында немесе көлдерде ойықтар ойып, оған қамыс ауларын салу жұмыстарымен айналысуда.
Дегенмен қыс мезгілінде, күннің жылыған кездерінде мұздың күн сәулесімен жылынып су бетіндегі мұздың жұқарып ойылып кету қаупі бар екенін бәрімізде білеміз. Алайда осы кезеңде мұз үстінен балық аулаймын деп немесе ойықтар ойып жатқан кезеңде қауіпсіздікті сақтамай түрлі жағдайларға ұшырап жатқандарда аз емес. Мұз үстінде балық аулауды кәсіп еткен азаматтар балық аулау немесе ойықтар ойып мұз үстінде жүрген кезде барлық техникалық қауіпсіздікті сақтаған абзал.
Н.Мешітбаев,
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
балық маманы