Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық шабақтары құтқарылды

Балық шабақтары құтқарылды

Бүгінде балық шаруа­шылығы саласында елі­міз бойыша 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамысыз етіп, елдің экс­­порттық бағытын қа­лып­тастыруда балық шар­уа­­­­­шылығы саласының алатын орны зор. Өз кезегінде елімізде балықты қорғауға арналған ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Әр өңірде балықтың өсімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жолға қойылған.

Жыл сайын «Шабақ құтқару» акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Сол жұмыстардың нәтижесі ретінде облыс әкімінің орынбасары Б.Жахановтың 2020 жылға ар­налған «Облыс көлемінде күріштік алқаптардағы балық шабақ­тарын қырылу қаупін болдырмау» жөніндегі іс-шаралар жос­парына сәйкес ауданда «Шабақ құтқару – 2020» акциясы ұйымдастырылды.

Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің мамандары бір­лескен түрде ««Әйтек» су торабында «Шабақ құтқару – 2020» акциясына белсене қатысты.
Акция барысында сала мамандары арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балық шабақтарын құтқарды. Бірнеше техниканың көмегімен балық шабақтары қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен бірге балықты құтқару бойынша дер кезінде бірқатар шаралар қабылданды.
– Жыл сайын күріштік алқаптары мен аудан көлеміндегі арналардан балық шабақтары құтқарылады. Кәсіби тұрғыда шыңдалған сала мамандары акцияға белсене қатысып келеді. Балық шаруашылығын одан әрі жетілдіру мақсатында жауапты сала мамандары тарапынан жүйелі жұмыс атқарылуда. Әр маусым сайын су айдындарына балық шабақтарын жіберуді дәстүрлі түрде ұйымдастыратын боламыз, – дейді Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Б.Ұлтанбекұлы.

Алдағы уақытта осындай маңызы зор акциялар жалғасын табатын болады. «Шабақ құтқару – 2020» акциясы аймақ бойынша жүзеге асырылып, балық шаруашылығы саласын ілгерлеуге септігін тигізеді. Сондықтан барлық жағынан тыңғылықты құтқару жұмыстырын үйлестіре білген сала мамандарының еңбегі зор.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
12 қыркүйек 2020 ж. 1 024 0