Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

 
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан көлеміндегі 36 көлдің 24-і бүгінгі күнге дейін 10 жылдық мерзімге жалға берілсе, алдағы уақытта 12 көл конкурс арқылы кәсіпкерлерге табысталады.
    Осы көлдерде балық шаруашылығымен айналысатын дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біріктіріп балықшылардың кооперативін құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
    Осы 24 көлден жылына 51 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, бюджетке 6 млн. 600 мың теңге салық төленуде. Балық шаруашылығының арқасында 75 адам жұмыспен қамтылып отыр.
    Аудандағы балық шаруашылығымен айналысатын «Сүйіндік» шаруа қожалығы ағымдағы жылы 2 млн. 700 мың шабақ өндіріп, оның 700 мыңы аудандағы көлдерге жіберілсе, 15-20 мың шабақ кәсіпкерлерге сатылды. Қалған шабақтар қожалықтағы  тоғандарда өсірілуде.
06 желтоқсан 2017 ж. 1 423 0