Сексеуілді кесуге болмайды

Өз кезегінде «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де пайдалануға қатаң тыйым салынған балық аулауға арналған моножіпті, синтетикалық ауларды және сексеуіл өнімдерін сатуға болмайтындығы жайлы базарлар мен дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен табиғат пайдаланушыларға сексеуілдің жергілікті отаны аталатын Қызылқұм мен Қарақұмда бүгінгі күні жас сексеуілдер табиғат пен жанашыр адамдардың көмегімен бой көтеріп қалғанын ескере отырып, бойымызға жылу, табиғатымызға сән беретін сексеуілді әрбір адам қорғауы тиіс. Сондықтан сауда орындарында сатуға және пайдалануға тыйым салынған сексеуіл өнімдерін және балық ресурстарын аулау құралдарын сатқан немесе пайдаланған тұлғаларға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындарын ескертеміз.
«Сырдария орман және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі