ҚАЛҒАНДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАРДЫ
Жаз келсе суға түсіп, табиғат аясында демалғанды қалаймыз. Алайда, сол демалыстан кейін жан-жағымызды жинастыруды ұмыт қалдыратынымыз жасырын емес. Мұның салдарынан табиғатқа зиян келіп жатқаны рас. Осы орайда, облыс аумағында 1-31 мамыр аралығында балық шаруашылығында маңызы бар су айдындарында "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы жүргізіліп жатыр.
Бүгін акция аясында "Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" КММ қызметкерлері, орман қорғаушылар Қалғандарияның жағалауына тазарту жұмыстарын жүргізді. Өткен жылдан қалған қалдықтарды тазартты.
Акция барысында су айдыны тұрмыстық қатты қалдықтардан толықтай тазартылып, арнайы қоқыс полигонына тасталды.
Шараға Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясының бас маманы Е.Ахетов, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандары, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы қатысты.

"ТТ" ақпарат