Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Шиелі ауданында балық шаруашылығы қолға алынды

Шиелі ауданында балық шаруашылығы қолға алынды


Шиелі ауданында бүгінгі күнге дейін 24 көлден жылына 51 тонна балық ауланып, бюджетке 6 млн. 600 мың теңге көлемінде салық төленген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі балық шаруашылығының жай-күйіне тоқталды.

- Аудан көлеміндегі 36 көлдің 24-і бүгінгі күнге дейін он жылдық мерзімге жалға берілсе, алдағы уақытта 12 көл конкурс арқылы кәсіпкерлерге табысталатын болады, - деді аудан басшысы. Осы көлдерде балық шаруашылығымен айналысатын дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біріктіріп, балықшылардың 1 кооперативі құрылып, бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, бұл шаруашылық қазіргі таңда 75 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта «Күміскеткен» су қоймасы салынса, балық шаруашылығы дамып, ауланатын балық көлемі еселеп артатын болады деп күтілуде.
11 ақпан 2018 ж. 1 595 0