Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Денсаулық – аманат

Денсаулық – аманат

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығының терең мағынасын биыл толық ұғындық. Әлемдік дертке айналған бұл ви­рустан барынша сақ болу, өмірімізді айтарлықтай қауіптен сақтайды.

Қазіргі таңда вирус әлемнің бірқатар ел­де­рінде көптеп адам шығынына әкелуде. Сон­дықтан мемлекетіміз алдын ала дабыл қа­ғып, барынша өз денсаулығымызды күтуге шақы­руда. Қарапайым, ендігі көңілімізге жатық бол­ған ережелерді ұстанып, барынша тазалық ережелерін сақтаған дұрыс. Қоғам­дық жерлерде тиісінше бетперде тағып, қолыңызды әрбір 20 минут сайын жуып тұруға дағдылану қажет. Сондай-ақ әркім өзімен бірге залалсыздандыру құралдарын алып жүргені абзал.

Мамандар вирустың бірінші толқынына қарағанда, екін­шісінен келер қауіп айтарлықтай жоғары деген болжам жа­сауда. Сол себепті де халық көп шоғырланатын орындарда барынша сақ болып, той-томалаққа баруды тоқтата тұрған жөн. Әркім өз денсаулығының сақшысы екенін ұмытпауы тиіс. Асылында, денсаулық – аманат екені әуелден белгілі. Бір-бірімізге жанашыр болайық.

Алмат БАҒДАТОВ,
ерікті жас,
Аманкелді ауылы
08 желтоқсан 2020 ж. 526 0