Саулық сақтықта
Бүгінде әлемде жұқпалы індет саналатын коронавирус инфекциясының екінші толқыны жүріп жатыр. Осыған байланысты кейбір мемлекеттер карантиндік талаптарды қатаңдатып, сақтық шараларына ден қойған. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, елімізде мұндай жағдай қайталанбас үшін сақтық шараларына мән беруіміз керек. «Бір айналдырса, шыр айналдыратынын» қауіпті кесел дендегенде көргенбіз. Сондықтан жұқпалы вирус түбегейлі жойылғанша, одан сақтануды тоқтатпаған жөн.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде еліміз бойынша індет жұқтырғандар 109 мыңнан асты. Оның ішінде 105 мыңнан аса қазақстандық ауруынан айыққан. Ал 1768 адам осы кесел салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ, осы «Ковид-19» белгілеріне ұқсас пневмония бойынша 40 мыңға жуық ел тұрғыны ауырған. Бұл мәліметтер жұқпалы індеттің әлі де болса сейілмегендігін білдіреді. Оның үстіне, эпидемиологиялық ахуал қалыпты болғанымен, күз мезгілінде індет жұқтырушылар қайта көбейіп барады. Мұның барлығы тұрғындардың көктемдегі жағдайды ұмытып, сақтыққа немқұрайлылық танытуынан орын алуда.
Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес өткізген болатын. Онда Ел Президенті көптеген елде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын атап өтіп, осыған байланысты ахуал ушыққан жағдайда оған мемлекеттік органдардың дайын болуы қажет екенін айтты. Сондай-ақ, дәрілер қорын жасақтап, дәрігерлердің еңбегіне лайықты құрмет көрсетуді және халықпен кері байланыс орнатуды жүктеді.
– Пандемияға қарсы күрестегі табыс, негізінен, халықтың қабылданған шаралар мен шешімдерге деген сенімінің деңгейіне байланыс–ты. Мұны тәжірибе көрсетті. Ал сенім азаматтардың билік тарапынан атқарылып жатқан іс-қимылдарға түсіністік танытып, қолдау көрсетуіне байланысты. Халықпен тұрақты диалог жасап отыру керек және тұрғындарға туындаған мәселелер мен қатерді шынайы әрі ашық айтып, оны шешудің жолдарын ұсыну қажет. Жағдайдың ушығуы санитарлық және алдын алу шараларын қатаң сақтауға байланысты екенін бизнес өкілдері мен азаматтарымыз түсінуге тиіс. Шынайы және оптимистік жағдайлар бойынша биыл қатаң шектеу шараларын енгізу қажеттігін болдырмауымыз керек және оған мүмкіндігіміз бар, – деді Мемлекет басшысы.
Қазір әлем мемлекеттерінде эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрғанда, біз содан сабақ алуымыз қажет. Өйткені, шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін жұртшылық алаңсыз күйге көшкен. Бүгінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтап жүргендер аз. Қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтамайды, бетперде тақпайды. Егер осылай немқұрайлы қарайтын болсақ, жағдайдың жақсы болмайтынын түсінгеніміз абзал. «Жақынымызға жанашыр болайық», «Саулық сақтықта» деп күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары насихаттағанымен әуелгі жағдайды естен шығарғандаймыз. Сондықтан бұған салғырт қарамай, қиын жағдай болмас үшін әр адам санитарлық талапты сақтап жүргені жөн. Әрбіріміз мұны бір-бірімізден талап етуіміз қажет. «Сақтансаң – сақтармын!» деген емес пе?!

Е.Беркінбаев