Үйді залалсыздандыруды білесіз бе?

Қазір тек елімізді ғана емес, бүкіл әлемді жаулаған вирустан қорғанудың түрлі амал тәсілдері жасалуда. Дегенмен, үйді залалсыздандыру жұмыстарын білгеніміз, кеселден келер қауіпті айтарлықтай жеңілдетеді. Сол себепті, залалсыздандыруды үй жағдайында жүргізіп отыру қажет.
Осы орайда, үйді залалсыздандырудың бірнеше түрі бар. Атап айтар болсақ, ең ұтымды тәсілдердің бірі − химиялық құралдармен тазарту. Қазіргі таңда нарықта химиялық тазарту құралдарының бірнеше түрі бар. Ең бастысы, оны таңдар алдында құрамына мұқият назар аударып, аллергия тудыратын қоспалар болмауын қадағалаған жөн. Көпшілікке белгілі, бағасы жағынан да қолжетімді химиялық тазарту құралы – «Белизна». Бұл құралмен үй үшін, ыдыс-аяқтарды толық тазартып алуға болады. Сонымен қатар, залалсыздандыруда қолданылатын халықтық тәсілдер де жоқ емес. Үй жағдайнда залалсыздындыруға кір сабын, ас содасы, сірке суы, хлор мен сутек тотығы белгілі-бір мөлшерде таптырмас көмек болады.
Сондай-ақ үйді залалсыздандырғаннан соң желдетіп алудың маңызы зор. «Сақтансаң, сақтаймын!» дегендей, үнемі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп тұру саламатты өмір салты мен жоғарғы имунитеттің кепілі болмақ.
Жұлдызай АНШАЕВА