Қазір сақтансақ, қауіптің беті қайтады
Әлемді шарпыған қауіпті індеттің елімізде өршуіне әлі де болса тұрғындардың бей-жайлығы әсер етуде. Қоғамдық орындарда бетперде тақпай, ара қашықтықты сақтамаудың салдарынан қауіпті ошақ саны да көбейген. Осының алдын алу үшін аудандағы мобильді топтар кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерді аралап, сондай-ақ қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.Қазіргі таңда бекітілген талаптарға сәйкес аудан халқына санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертілуде. Ал қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде тағып, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып жүру тиістілігі айтылуда. Әсіресе, халық көп шоғырланатын сауда дүкендерінде карантиндік талаптар қатаң сақталуы қажет. Сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметкерлері де сақтық шараларына аса мән беруі тиіс. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын мобильді топ мүшелері күнделікті ұйымдастыруда.
Әркім өзін және өзгелерді індеттен сақтаудың бірден-бір жолы маска тағып, сақтық шараларын сақтау керек екенін түсінгені жөн. Қазір сақтансақ, қауіптің де беті қайтары анық.










