Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Аудандық қазынашылық басқармасында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы­нан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру тұрақ­ты жүргізіліп келеді. Басқармада сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Ұжым қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызмет этикасы нормаларын және еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізіледі.
– Басқармада биылғы Жолдаудан туындайтын міндеттер карантиндік шараларды сақтай отырып, жүзеге асырылуда, – дейді басқарманың бас маманы И.Сәрсен.
Оның айтуынша, Жолдауда атап көрсетілген мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қо­ғам­дық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастырудың қа­жет­тігі шынайы өмірден алынған. Сондай-ақ, ҚР Пре­зидентінің: «Сыбайлас жемқорлыққа қа­тысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзі­мінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жем­қорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек» деген қатаң талабы жемқорлықты ауыз­дықтауға ықпал етеді.
Басқармада мемелкеттік қызметшілерге қо­йылатын талаптар жөнінде ақпараттық оқу тоқсан сайын өткізіліп отырады. «Жемқорлық – індет, жою – міндет» дегендей, әрбір ұжымда осындай жос­парлы жұмыстар жүргізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.


Ш.НҰРСЕЙІТОВ
07 қараша 2020 ж. 843 0