Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСҚАРМАДАҒЫ БАСҚОСУ

БАСҚАРМАДАҒЫ БАСҚОСУ


Елбасы Жолдауы мен насихаттау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дөңгелек үстел аудандық бөлімдер мен басқармаларда ұйымдастырылып, маңыздың құжаттың мән-маз­мұны талқылануда.
Сондай басқосудың бірі – аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында болып өтті. Дөңгелек үстелді басқарма басшысы М.С.Әбдіхалықов ашып, жүргізді: – Елбасы жолдауында «Сыбайлас жемқорлық пен күрес жалғасатын болады. Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындар мен тікелей қарым-қатынасын азайтқан жөн», - деп атап көрсетілген. Осыған орай, кіріс қызметінде тұрғындармен байланыс электронды формат бойынша жүргізіледі. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың алдын-алуға ықпал етеді, – деді Мұханбетияр Сағатбекұлы. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге «Нұр Отан» паратиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов, Құқықтық стастистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Сырдария ауданы бойынша өкілі К.Нұрымов Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары және ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өткенде осы өзекті мәселелер аудандық қазынашылық басқармасында талқыланған болатын. Бұл жолғы басқосуды аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлескен түрде өткізілді. Оған аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасымен қатар аудандық Қазынашылық басқармасының қызметкерлері де қатысты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

07 қараша 2018 ж. 961 0