Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ


Аудандық қазынашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Басқармадағы басқосуды басшы орынбасары А.Хабиева ашып, жүргізді. – Басқарма басшысының 2018 жылдың 10 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жос­парына» және биылғы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес бүгінгі іс-шара ұйымдастырылып отыр. «Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады. Біріншіден көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн» деп атап өтті Елбасы 5 қазандағы дәстүрлі Жолдауында. Сол айтқандай бізде құжаттардың барлығы электронды түрде қызмет алушылар мен тікелей байланысымыз жоқ. Өздеріңіз білетіндей сыбайлас жемқорлық қоғамның ең бас­ты қауіп-қатерінің бірі. Ол, мемлекет қауіпсіздігіне мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіреді. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, прокуратура, құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, барша азаматтардың парызы, – деді басшы орынбасары.
Іс-шараға арнайы шақырылып, қатысқан аудан прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Елбасының биылғы 5 қазандағы Жолдауынан туындайтын міндеттерді баяндай отырып, ашықтық пен мөлдірліктің бас­ты мәнге ие екендігін және пара алушымен қатар пара берушінің жазаға тартылатыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат барысында көрсетілуі тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ басқосуда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Нұрсейітов, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының кадр қызметі жөніндегі орынбасары, подполковник Д.Әбілқасымов, АІІБ кадр жұмыс тобының инспекторы А.Алматов Жолдаудан туындайтын міндеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан бойынша жұмыстар жөнінде әңгімеледі.
Дөңгелек үстел барысында бас­қарма қызметкерлері «Қазақстан Рес­­­публикасының мемлекеттік қыз­мет туралы» ҚР-ның 2015 жылғы 23 қарашадағы 416-V Заңы, оның ішінде мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ту­ралы» ҚР-ның 2015 жылғы 18 қа­­­­­­­­­­­­ра­­шадағы №410-V Заңы, ҚР Пре­­­­­­­­зидентінің 2015 жылғы 29 жел­тоқсандағы №153 Жарлығымен бе­­­кітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыптары аясында хабарламалар жасады.
Дөңгелек үстелді А.Хабиева қо­рытындылап, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер бас­ты назарда болатынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрақты жүргізілетінін жеткізді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

18 қазан 2018 ж. 1 141 0