Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ


Елбасының Қазақстан халқына арна­ған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты биылғы Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған он басымдық белгіленді. Оның тоғызыншысы қоғамның қауіпті кеселі сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған. Мұнда жемқорлықпен күрес жалғаса түсетіні, оның нәтижесі қазірдің өзінде белгілі болып жатқаны анық көрсетілген.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көрініс­терін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бір ізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.
Сайып келгенде Сыбайлас жемқор­лықпен күресу әрбір Қазақстан аза­матының парызы. Азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміз­дің қа­уіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық­тың алдын алуға бағытталған заңның берері мол.

И.СӘРСЕН,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
27 маусым 2018 ж. 2 655 0