Жаңа көлікті сыйға алды
Күз – береке айы. Асқар ауылында егін жинау жұмысы аяқталып, дала еңбеккерлері марапатталды. Марапаттау рәсімін ауыл әкімі Ғ.Алданазаров пен «А.Тоқмағамбетов-Жер» ЖШС төрағасы Б.Жақыпов ашып, озаттарға сый-сияпат жасады.
Диқан қашанда ырыс пен дәулеттің, сана мен сәулеттің көш басында жүреді. Күрішші Файзолла Іскендіров биыл ерледі. Шаруашылықтың алды болды. Ол өзіне бекітілген 40 гектар алқаптың әрбір гектарынан 64 центнерден алтын дән жинады. Биылғыдай су тапшылығы кезінде мұндай жоғарғы өнім алу ерлікпен пара-пар. Шаруашылық ерен еңбеккеріне су жаңа жеңіл көлік сыйлады.
Марапат рәсімінде озат бригадир Кеңесбай Ахметов, озат күрішшілер Бақыт Көшекбаев пен Бекзат Қошқаров, озат жаткист Жұмағұл Байсалов, озат механизаторлар Жақсыбай Жарасбаев пен Бейбіт Әлсейітов, озат дәнекерлеуші Жәнібек Кемелбаев және басқа да озаттардың есімдері аталды. Оларға арнайы жүлде тапсырылды, чемпиондық лента тағылды.
Кеңесбай Ахметов басқаратын бригада күрішшілері 378 гектар алқаптың әрбір гектарынан 40 центнерден өнім алып, жақсы нәтиже көрсетті. Диқандар Бақыт Көшекбеав 52 гектар алқаптан 54,7 центнер, Бекзат Қошқаров 40 гектар алқаптан 57,7 центнерден алтын дән жинап, абырой биігінен көрінді. Алтын дән жинауға үлес қосқандардың барлығы еңбектеріне лайық марапат алды. Елдің бірлігі, ынтымағы қашанда барлық құндылықтардан жоғары тұрады. Ынтымағы бар жерге ырыс келеді. «Саусақ біріксе, ине ілігеді» дегендей, ынтымақты еңбек табысқа жеткізеді. Оны жоғарыда ерен еңбегімен көрінген азаматтар нақ істерімен дәлелдеді. Мұндай жемісті еңбек алда да жалғасы беретіні айқын. Марапат соңында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Оразалы Оразбай көпшілікке ақжарылқап бата берді.
Биыл шаруашылықта астық жинау оңай болған жоқ. Су тапшылығынан бөлек бірқатар мәселелер шаруалардың алдын орағаны көпке белгілі. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алмасын деп тілейік.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ