Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Егінжай ерлері марапатталды

Егінжай ерлері марапатталды

"Алтын дән" мерекесіне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов егінжай еңбеккерлерін марапаттап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Марапат биігінен көрінген дала дихандарының арасында Сырдариялық озат қызметкерлер де бар. Атап айтқанда, "Озат шаруашылық" номинациясы бойынша жүлделі І орынмен "Мағжан және К" серіктестігінің төрағасы Ералиев Дархан Жұмашұлы марапатталды.

Сонымен бірге, "Озат бригадир" аталымы бойынша "Ақжарма және К" фермерлік қожалығының еңбеккері Әділхан Қараев марапат биігінен көрінді. Ал, "Шаған Жер" серіктестігінің күрішшісі Ербол Абляхов пен "Мәді Қажы" серіктестігінің күрішшісі Жәнібек Ыбыраев "Озат күрішші" атанды.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің "Құрмет Грамотасымен" "Мағжан және К" серіктестігінің қызметкері Жасұлан Мығымбаев марапатталса, "А.Тоқмағамбетов Жер" серіктестігінің еңбеккері Бейбіт Жақуповқа ІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" төсбелгісі берілді. Сондай-ақ, "Ы.Жақаев атындағы" төсбелгіні "Бақ" шаруа қожалығының күрішшісі Сәрсенқазы Байтоқаев иеленді.

Айта кету керек, аудан бойынша ағымдағы жылы 32597 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш 21050 гектар, жаздық бидай 1728 гектар, сұлы 58 гектар, мақсары 300 гектар, сүрлем жүгері 10 гектар, жаңа жоңышқа 1921 гектар, ескі жоңышқа 6700 гектар, картоп, көкөніс, бақша 830 гектар.

Егін жинау науқанына 222 дана комбайн, 114 жатка, 66 дана жүк көлігі, 316 дана трактор, 206 дана трактор тіркемелері қатысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 қазан 2019 ж. 718 0