Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Шағандағы қызу еңбек

Шағандағы қызу еңбек

«Шаған-Жер» ЖШС аудандағы озат шаруашылықтардың бірі. Мұнда егіс көлемі жылма-жыл артып келеді. Шағандықтар биыл 2800 гектар алқапқа Сыр салысын бітік өсірді.
Озат шаруашылықта егін орағы жарыдан ауды. Әрбір гектардан орташа 50-60 центнерден өнім алынуда. Мырзамұрат Оспанов жетекшілік ететін №7 бригада егін орағын аяқтады. Бригадаға бекітілген 340 гектар алқаптың әр гектарынан 55-60 центнерден өнім жиналды. Оған диқан-механизаторлар елеулі үлес қосты. Бригада диқандары Сәкен Айтбаев, Данабек Шағыров, Кенжетай Омаров, Нұрлыбек Несіпбай әр гектардан 60-70 центнер аралығында өнім алды. Дала кемесінің капитандары Сабыр Пірімов, Қанат Қалмақанов, Серік Шалбай, Қаппар Балманов, Абай Еркесариев әрқайсысы 7-10 мың центнер аралығында астық бастырды. Сондай-ақ жатка машинистері Қаппар Мырзаханов, Өмірзақ Мәліков, Сейтмұрат Жолдықожаев, Мұратбек Әбенов маусымға 300-350 гектар алқаптың егінін дестеге салды.
Біз науқан қызып жатқан тұста аудандық мәслихат депутаты, «Шаған-Жер» ЖШС-і директоры Бердібек Қадыровпен бірге орталық қырманда болған едік.
– Шаруашылық еңбеккерлерінің егін орағын ұтымды ұйым­дас­тырып, алтын дәнді қысқа мерзімде төкпей-шашпай жинап алуға деген ынтасы жоғары. Қазірдің өзінде қырманда 70-80 мың центнер алтын дән жатыр. Жылдағыдай жоғары көрсеткішке жететіндігімізге сенім мол, – дейді Бекең.
Шағандықтар шабытты еңбек етіп жатқанын қырманның қызыл дәнге толғанынан да көруге болады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
01 қазан 2019 ж. 1 019 0