Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Озаттар оза шапты

Озаттар оза шапты

«Мағжан және К» ЖШС-нің еңбеккерлері биыл ерледі. Шаруашылық 2630 гектар күріш алқабының әрбір гектарынан 81 центнерден өнім жинады. Соның нәтижесінде күні кеше өткен облыстық «Алтын дән – 2019» мерекесінде аймақ бойынша «Мағжан және К» ЖШС-і (төрағасы Дархан Жұмашұлы Ерәлиев) жүлделі бірінші орынмен және «Озат шаруашылық» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ осы шаруашылықтың озат қызметкері Жасұлан Мығымбаев Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің «Құрмет грамотасына» ие болды.
Шаруашылықтың мол өнім алуына елеулі үлес қосқан бас инженер Бақыт Ерманов, бас агроном Манарбек Тұрсынбеков, өндіріс бригадирлері Қонысбек Қыдырәлиев, Төлепберген Қалиев, Шухрат Бизақов, Нариман Сағатбаев және шаруашылық қызметкері Қанат Ильясов сыйлыққа жаңа жеңіл көлік алды.
Еңбектің көрігін қыздырып, табыстың тайқазанын тасытқан мағжандықтардың еңбегі қандай марапатқа да лайық.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
15 қазан 2019 ж. 616 0