Зұлмат жылдар жаңғырығы
Ел басына күн туып, елімізге жау аяқ басқанда «сұм фашисті қасиетті туған жерге енгізбейміз» деп қаншама ер азаматтар майданға жол салды. Ер жігіт балағынан су кешіп, от басқан, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан майдагерлеріміздің арқасында Жеңіс туы желбіреді емес пе?! Сол бір сұрапыл соғыс жылдары әр отбасының тірегі Отан қорғауға аттанды. солардың бірі – Байқадам Байқуатов.
Майдангер 1925 жылы қыстың қытымыр аязында сол уақыттағы Сырдария ауданы қарасты Абай совхозында дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген оның әкесі Досан ұсталық өнермен айналысқан.
– 1932 жылы Ф.И.Голощекиннің қазақ ауылын басқаруға келген уақыты, қан қақсатып, зар жылатқан нәубетті кезеңі еді. Ол өзінің басшылығымен қазақ ауылында Кеңес өкіметі жоқ деген желеумен «Кіші Қазан» революциясын құрамын деп қайшылықты бағытты ұстанады. Ауылдағы нағыз Қазан байларды, жартылай байларды конфискелеу керек деп таныды. Нәтижесінде жаппай қазақ халқын қыруға жасаған солақай саясаттың шырмауы біздің отбасымызды да шарпып, елден кетуге тура келді. Әкемнің отбасы көршілес Өзбекстан елінің Жарқорған қыстағына қоныс аударуға мәжбүр болған. Әкеміз ол жақта да жан бағу мақсатында ұсталықпен айналысып өмір сүрген. 1936 жылы елдегі жағдай тынышталған кейін бұрынғы Тереңөзек ауданына қарасты, қазіргі Шіркейлі ауылына келіп, мектепке барады. Сонда жеті жылдық мектепті бітіреді. 1943 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Тереңөзек ауданы орталығынан әскерге аттанады. Оларды тікелей соғысқа жібермей, қауіпті аймақ Қиыр Шығысқа қарай алып кетеді. Ол жақта шекараны бір жағы Қытай, екінші жағы Жапониядан қорғау үшін күндіз-түні жау шебін бақылау зениттік дивизияның басты міндеті еді», – дейді ұрпағы Салтанат Жұмағалиқызы.
Жеңістің туы тігіліп, соғыс аяқталса да Байқадам Байқуатұлы әскерден бірден оралған жоқ. Бірнеше жыл сол жақта өз міндетін мінсіз атқарады. Сол кезеңде ел тыныштығын сақтау мақсатында майдангердің дивизиясын Монғолияға аттандырды. Аргун өзенінің жиегіне жайғасқан зениттік отряд Манчжурияға бір бүйірден соққы беруді ойластырады. Бірақ тапсырма өзгеріп, олар алапат айқасқа барған жоқ. Осылайша 1948 жылдың мамыр айына дейін шекара бойында әскери борышын өтеген Байқадам Байқуатовқа басшылық тарапынан алғыс жарияланып, елге біржола қайтуға рұқсат берілген.
Елге оралғаннан кейін 1949-1953 жылдар аралығында Қызылордадағы ауыл шаруашылығы техникумының «Электрификация» бөліміне оқуға түседі. Оқуды бітіргеннен кейін қазіргі Тасбөгеттегі (бұрынғы Тасбөгет қыстағында) электр станциясына өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.
– Жаңадан қоныстанған ауылда радио желісін жүргізіп, үйлерге радио-приемник аппаратурасын орнаттым. Күнде таңғы 6.00-ден түнгі 24.00-ге дейін радионы қажетті толқындарға қосып, елді күнделікті жаңалықтармен хабардар етіп, ән-күйлерді тыңдауына көңіл бөлдім. Ауылда өнерлі жастардың басын құрап, мектепке, ауыл тұрғындарына үлкен концерт беретінмін. Атақты күйшілер Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін Нұрғисадан кем ойнамайтын едім. Сонымен қатар түрлі музыкалық аспаптар гармон, домбыра тартып, әдемі қоңыр дауысымен ән шырқайтынмын. 1957 жылы облыстық фестивальға қатысып, жеңімпаз атанып, республикаға жолдама алдым. Дегенмен колхоз төрағасы Т.Дәуітбаев: «Байқадам, сен кетіп бара жатырсың, мына жақтағы шаруаның бәрі қалды ғой, оны кімге тапсырамын, қалсайшы» депті. Содан соң пойыз жылжып жүріп бара жатқанда басшының көңілін қимай, түсіп қала бердім» деп жазыпты майдангер өз естілігінде. Байқадам Байқуатұлы өзінің жары Хадишамен ұлағатты ұрпақ өсіріп, елге елеулі еңбек етті. Ұл-қызына тәлімді тәрбие мен жоғары білім берді. Бүгінде тағылымды отбасы мәуелі бәйтерекке айналған.
1983 жылы майдангер өмірден озды. «Жақсының аты өлмейді» деген қазақта дана сөз бар. Көпшілік оның іскер, ағайын мен туысқа жүрегі ақ кісі екендігін айтып отырады.
Иә, Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен соғыс ардагерлерін жыл сайын еске алу – абыройлы борыш. Олардың рухына тағзым ету – кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Майя Қожабай