Пулеметпен оқ боратқан
Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін отқа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды. Елі үшін от кешкен жауынгерлердің көбісі жат жерде жан тапсырғаны белгілі. Ал аман қалғандары елге қайтып оралды. Жеңіс туын желбіреткен жауынгерлер арасында Тұрсынбай Асқаров та бар.
Тұрсынбай Асқаров 9 мамыр 1925 жылы Көтібар белгісінің маңайында Қарашеңгел деген жерде дүниеге келген. Әкесі Асқар қарапайым шаруа адамы болған. Тұрсынбайдың әкесі баласы 12 жасқа келгенде қайтыс болады. Шешесі Қалбибі Үркімбайқызы екі баласымен қалып, тұрмыс тауқыметін көп тартады. Қалаға есекпен отын апарған балалары оны сатып күндерін көреді. Ел басына күн туған шақта Тұрсынбай ауыл азаматтарымен бірге 1941 жылы 16 жасында Отан қорғауға аттанады. Майдангер Благовещенск маңайында пулеметші болады. Ал Забайкалье маңайында Жапон соғысына қатысады. Кескелескен жауға қарсы тұрған ол аяғынан жарақат алып, елге 1949 жылы оралған. Туған жерге келгеннен кейін 1951 жылы ауылында бас шопан болып жұмыс жасайды. Шопандық кәсіптің қиыншылығын жұбайы Күлпән еріне көмектесе жүріп, бірге көреді. Майдангер елеулі еңбегінің арқасында Алматыда өткен шопандардың слетіне қатысады. Әр жылдары жоғары көрсеткіштерге жетіп, ауыспалы Қызылту марапатын жеңіп алады. Әр жүз саулықтан жүз елуден қозы алып, міндеттемені артығымен орындайды. Шопан 1951 жылдан бастап партия қатарында болады.
Кейіннен бақташы болған қазыналы қарт «Қара сиыр» деп аталатын елді мекенде баласы Жетібай екеуі ірі қара (Сементал, Алатау) тұқымын жетілдіру мақсатында еңбек еткен. Ірі қараның қыр-сырын білетін Тұрсынбай ақсақал өзінен кейінгі бақташыларға үнемі ақыл-кеңесін беріп отырған. Ауылдық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланады. Суреттері құрмет тақтасына ілінген. Майдангер 1997 жылы 72 жасында дүниеден озған.
Т.Асқаров Ұлы Жеңістің 40 жылдық мерекелік медальмен, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.
Бүгінде ер жүрек қарияларымыздың қатары азайып бара жатқандығы жанға батады. Бүгінгі бейбіт өмір үшін соғыс ардагерлеріне мәңгі қарыздармыз. Ұлы Жеңістің қандай күшпен келгенін ұмытпауымыз керек.
Азаттықтың ақ таңында өмір сүріп жатқанымыз – жанкешті жауынгерлердің арқасы. Бүгінде қазыналы қарттардың қатары сирегенімен, ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Фатима Маратқызы