Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жергілікті ақын есімі ұлықталды

Жергілікті ақын есімі ұлықталды

Әдеби ортада ерекше шығармашылығымен беделге ие болған ақын, журналист, әдеби сыншы Әбірәш Жәмішовтың туғанына биыл – 95 жыл. Бұл ретте, бірнеше кітаптың авторы, жерлесіміздің мерей тойына арналған аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сырдың алып бір ұлы» тақырыбында мүшәйра өткізілген болатын. Тағылымы мол іс-шараға жергілікті ақындар қатысып, бақ сынады.

Негізінен, аудандық мүшәйраның талабы бойынша ақындар екі кезеңде шеберлік байқасты. Ең алдымен, қаламын қару еткен ақындар қарымды қаламгер Әбіраш Жамішевке өз арнауларын оқыды. Екінші кезеңде олар еркін тақырыпта өлең оқып, өз деңгейлерін аңғартты. Ақындардың шығармашылық әлеуетіне Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Гаухар Сәрсенбаева, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков әділ бағасын  берді. Жалпы,  мүшәйраның негізгі мақсаты – ақын, аудармашы Әбіраш Жәмішевтың өмір жолы мен шығармашылығын көпшілікке насихаттау болып табылады.

Аудандық мүшәйраның бас жүлдесін жетікөлдің Қанат Көзейбай, І орынды сәкендік Нұрахмет Мансұров иемденсе, жүлделі ІІ орынды қоғалыкөлдік Байрон Есенбаевқа бұйырды. Ал жүлделі 3 орынды тереңөзектік Нұрсұлтан Сүйіндіков пен шағандық Ақерке Балманова иеленді.  
28 тамыз 2023 ж. 240 0