Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық полиция бөлімінің бастығы таныстырылды

Аудандық полиция бөлімінің бастығы таныстырылды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетовтің төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға аудандық сот төрағасы Қ.Бержанов, аудан прокурорының орынбасары М.Алмас, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі О.Омаров, зиялы қауым өкілдері, кент және ауыл әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жиында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі О.Омаров аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалған Пазылов Нұрмахан Сансызбайұлын таныстырды.

Нұрмахан Сансызбайұлы 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әр жылдары Қызылорда қалалық полиция басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімшесінің кәмелетке толмағандар жөніндегі жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі топ инспекторы, аға инспекторы, Қармақшы аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, лицензиялау және қару айналымын бақылау тобының инспекторы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, әкімшілік полиция басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы полиция басқармасының кадр басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аудан әкімінің орынбасары аудандық полиция бөлімінің бастығына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және аудан тұрғындарының тыныштығын сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу керектігін атап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен аудандық сот төрағасы Қ.Бержанов сөз сөйлеп, жаңа басшыға жауапты қызметіне табыс тіледі.
17 қараша 2026 ж. 52 0