Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН ТАБЫС ЕТТІ

«СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН ТАБЫС ЕТТІ


Тоқсан жылдық тарихы бар Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар тұлғаларға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиевамен бірге өмірі өнегеге толы жандардың шаңырағында болып, құрметті атақты табыс етті.
Аудан басшысы Ғанибек Қазантаев ең алдымен 90 жастағы еңбек ардагері Мауия Нақыбаеваның отбасында болып, ғибратты ғұмыр иесін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Еңбек ардагерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесіне тоқталып, жүріп өткен жолы көпшілікке үлгі екенін айтты.
Сонымен қатар, ұзақ жылғы қажырлы еңбегіне құрмет есебінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп отырғанын жеткізді.
Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы еңбек ардагері Мауия Нақыбаеваның атақты шопан болғанын айтып, «Республикаға еңбегі сіңген ауылшаруашылығы саласының қызметкері» атағын алғанын атап өтті.
Өз кезегінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанған ақ жаулықты ана аудан басшылығына алғысын айтып, ақ батасын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 қаңтар 2019 ж. 1 542 0