Қармақшыда қоғам қайраткеріне көше атауы берілді
Бүгін Жосалы кенті орталығында Тәуелсіздік мөлтек ауданында білім беру мен оқу ағарту ісіне өмірін сарп еткен белді азамат қоғамдық-саяси қайраткер Ыбрагім Қасымовқа көше атауы берілді.
Шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мемлекет және қоғам қайраткерінің ағартушы педагогтың өңіріміздің білім беру ісіндегі еңбегі бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырып отырғандығын, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге екендігін жеткізді.
Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудан ардагері Болат Абжалиев, ұрпағы Рахат Медешов сөз сөйлеп тілектерін білдірді.
Шара барысында жиналған жұртшылық Тәуелсіздік мөлтек аудандағы көшеге орнатылған Ыбрагім Елекейұлы Қасымовтың өмір жолы жайлы жазылған тақтатастың ашылуына қатысты. Ыбрагім Елекейұлы 1903 – 1926 жылдары өңіріміздегі білім беруді дамыту ісіне ерен үлес қосты.
Ыбрагім Елекейұлы 1918 жылы Қармақшы учаскелік халық ағарту комиссары, 1922 жылы Қармақшы аудандық атқару комитетнің тұңғыш төрағасы, елдегі тұрмыс шаруашылық саласын қалыптастыруға және аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетудегі, сіңірген еңбегі үшін алғыс жарияланған.
Ұстаздық жолмен қатар, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан ұлт жанашырының жаңа кезеңі Алаш қозғалысының мүшесі болуында еді. Алаш көсемдерімен иық тіресе қатар жүріп олардың ұлттық идеясын халықтың санасына сіңіруде зор еңбек етті.
Мысалы, 1917 жылы Орынбор қаласында өткен алғашқы сьезде делегат болып сайлануының өзі оның ел мүддесі жолындағы ұлттың үнін жеткізуіне бастама болатын.
Озық ойлы өз ісіне шынайы берілген, ұлтжанды азамат сол кезеңдегі солақай саясаттың салдарынан 1937 жылы сұлтан ұрпағы ретінде жалған жаламен репрессия құрбаны болды.