Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшеге есімі берілді

Көшеге есімі берілді



Туған жеріне адал қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтар қатары баршылық. Өткен ға­сыр­дың орта шенінде елдің дамуына елулі қызмет етіп, соғыс жылдары қиындық қияметін татқан тұлғалар легі де аз емес. Ел ке­лешегінің кемелденуіне барынша тер төгіп, көпшілік ықыласына бөленгендердің мұндай жанкештілігі – абыройлы іс.
Бүгінгі күндері аудан көлемінде ел алғысына бөленген азаматтарға көше атауын беру үрдіске айналды. Осы орайда бұрнағы күні кент орталығындағы жаңа қоныстану аймағындағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Алмағанбет Дауылбаев есімі берілді. Көшенің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, атқарушы билік өкілдерімен бірге депутаттар, еңбек ардагерлері, аудан тұрғындары, ұрпақтары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов сөз сөйлеп, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылғалы отырған көше атауын Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз А.Дауылбаевқа берілуін алдыңғы буын өкілдеріне деген ерекше құрметтің жарқын көрінісі екенін атап айтты. Ел ардақтысының аудан көлемінде абыроймен атқарған қызметтерін, еңселі еңбектерін, қажырлы қайраткерлерік жолдарын баяндады. Талай жыл тынбай еңбек еткен тұлға атын дәріптеу келешек ұрпаққа үлгі екендігін айтты.
Өз кезегінде ҰОС-ның ардагерінің ұрпақтары атқарушы билік өкілдеріне өз алғыстарын жеткізді.
Б.ОРДАБЕКОВ
09 желтоқсан 2017 ж. 2 009 0