Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » «Ұлы Абай әлемі - мәңгілік мұра» атты білім саласы ардагерлерінің арасында өткізілген аудандық байқау

«Ұлы Абай әлемі - мәңгілік мұра» атты білім саласы ардагерлерінің арасында өткізілген аудандық байқау

Сырдария ауданы бойынша білім саласы ардагерлер кеңесі, аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлесе ұйымдастыруымен №36 мектеп- лицей базасында «Ұлы Абай әлемі-мәңгілік мұра» атты білім саласы ардагерлерінің арасында аудандық байқау өткізілді.

Байқауды білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Әбілова, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Ұ.Жаналиева, «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы ашып, ақынның 180 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыз, хакім Абайдың мұрасы сарқылмас қазына екендігін атап көрсете отырып, қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның терең сырына бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлғаның тәлім –тәрбиесі мол шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті

І кезең. Адамды қайта тәрбиелеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Абайдың қара сөзін жатқа айту
ІІ кезең. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Абай өлеңдерін жатқа айту.
ІІІ кезең. Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай әндерін жанды дауыста орындау

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені барлық кезеңді жоғары деңгейде алып шыққан Сәкен Сейфуллин №137 орта мектептің ардагер-ұстазы Қ.Молдаш жеңіп алды. Жүлделі І орынды №147 орта мектептің ардагер-ұстазы О.Ахметова қанжығасына байласа, №132 Т.Айтбаев атындағы мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы Б.Шынымова және №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы Р.Тұрмағанбет ІІ орынға лайық деп танылды. Ал жүлделі ІІІ орынға №126 орта мектептің ардагер-ұстазы Р.Құлмағанбетова және №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің ардагер-ұстазы Ү.Ерназар жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарына Сырдария аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

@Сырдария Аудандық Білім Бөлімі
10 сәуір 2025 ж. 271 1

Preston от 31 мамыр 2025 09:33
Helpful forum posts, Thank you. casino en ligne Really plenty of helpful tips. casino en ligne Appreciate it, Ample postings. casino en ligne Nicely put, Thanks a lot. meilleur casino en ligne Thank you. Plenty of tips. casino en ligne francais Really a lot of amazing tips! casino en ligne francais You said this very well. casino en ligne France Whoa all kinds of useful knowledge! casino en ligne Beneficial forum posts, Cheers. casino en ligne You said this effectively! casino en ligne