Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаражатты кімдер ала алады?

Қаражатты кімдер ала алады?

Жаңа жылдан бастап жаңа жоба іске қосылады. Ел Президенті халыққа арнаған Жолдауында айтқандай, бұдан былай еліміздегі барлық 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан арнайы есепшотқа қаржы аударылатын болады. Қаржы 1 ақпаннан бастап түсе бастайды.

Негізінен инвестициялық табыстың 50 пайы­зы теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына түсетіні белгілі болғанымен, оның нақты көлемі әзірге белгісіз. Белгілісі – жиналған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана алуға болады және ол мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Яғни жиналған қаржыны білім алуға немесе баспана мәселесін шешуге жұмсауға болады.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше келер жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қордан балаларға түсетін қаржы үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Ата-аналар «еGov» порталына тіркелмейді және екінші деңгейлі банктен шот ашпайды. Бұл шотттар автоматты түрде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорымен ашылатын болады. Тиісті өтінім арқылы зейнетақы қорында жинақталған қаражат оның арнайы шотына аударылады. Бала шетелде білім алам десе ақшаны пайдалануға шектеу қойылмайды. Ал үй сатып алғысы келсе тек Қазақстанда рұқсат етіледі. Шоттағы ақша 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, оны жасөспірім өзінің зейнетақы қорына аударуына болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың мәліметінше, Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қор қаражатын пайдалану құқығынан айырылады. 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан алады. ҚР Әділет министрлігіндегі балалардың электрондық тізімімен салыстырылады.

Ал, ата-аналар қаражаттың шотқа түскен-түспегенін қалай тексере алады деген сауалға келсек, ата-аналар шотқа ақша түскен-түспегенін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан тексере алады. Ол үшін баланың жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсе жеткілікті. Ал бірнеше жылға түскен қаражатты көру үшін Egov-тағы жеке кабинетке кіру керек. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат шотта АҚШ долларымен сақталады. Кәмелетке толғанда жасөспірімнің шотына сол сәттегі бағам бойынша теңгемен аударылады.

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков:

– Мысал ретінде түсіндіре кетейін. Бала 5 жасында жазатайым қайтыс болды дейік. Онда оның ата-анасы, ағасы немесе апайы шотта бес жыл бойы мақсатты жинақталған қаражаттың заңды түрде иесі болып есептеледі. Бұл жерде баланың 18 жасын, яғни тағы 13 жыл күтудің қажеті жоқ. Қаражатты бірден алуларына болады, – дейді.

Мамандар 18 жылда балаға 3 жарым мың доллар жинақталады деген ақпаратты жоққа шығарады. Қаражат одан да көп болуы мүмкін. Жалпы жинақтың көлеміне Ұлттық қордың әлеуеті, балалар саны да әсер етеді. Шотта жинақталатын қаражатқа қосымша инвестициялық табыс та есептеледі. Қаражат 18 жыл бойы Ұлттық қорда сақталады. Оны Ұлттық банк басқарады.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

Фото:elements.envato.com
14 қараша 2023 ж. 333 0