Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тазалығын бірге қалыптастырайық!

Аудан тазалығын бірге қалыптастырайық!

Жақында аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлымен жүз­десіп, пікірлесудің сәті түс­ті. Сонда аудан басшысы бәріміз өмір сүріп отырған қоршаған орта мен тұ­рып жат­қан көшеміздің бойын, есік алды ауланың таза­лы­ғын сақтаудың маңыз­ды­лығы жө­нінде өз ойларымен бөліскен еді. Аудан­ның тазалығына бей-жай қа­рамайтын азаматпен жүз­десуден кейін қолға қалам алып, тазалық туралы ма­қала жазуды жөн көрдім.

«Тазалықты сақтау адамның мәдениеттілігін көрсететіні белгілі. Яғни, тазалыққа әркез тия­нақтылық таныту қажет. Мұны әрбір адам өзі­нің міндеті санауы тиіс» деп бастады Берік Сәр­мен­баев өз сөзін. Аудан әкімінің айтуынша, та­залық жоқ жерде өсу де, өркендеу де болмайды. Өйткені, тазалық алға жылжу мен жос­пар­­ларды орындаудың негізі болып табылады әрі атқарылған жұмыстардың айнасы болып есеп­теледі. Бұл ретте, ауданымызда санитарлық тазалыққа қатысты жыл сайын тазарту айлықтары жүргізіледі. Соның нәтижесінде, көше бойы күл-қоқыстан арылып, тазартылуда. Оған аудандағы мемлекеттік мекеме мен бөлім қызметкерлері белсене атсалысуда. Әрбір сенбіліктер сайын мекеме қызметкерлері бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жүргізеді. Мұның тұрғылықты жердің тазалығын сақтап, таза ортада өмір сүруімізге сеп­­­тігін тигізуде.

– Аудан тұрғындары тазалық тұрғысында жа­уап­кершілікті сезінгені жөн. Өйткені, туған жер­дің таза әрі тартымды болуы өзімізге тікелей бай­ланысты. Оның үстіне жалпыхалықтық сен­бі­ліктерге мекеме қызметкерлерінен бөлек тұр­ғын­дардың тұрғылықты жерді тазарту шарала­рына белсенді атсалысатыны байқалмайды. Сон­­дай-ақ қоғамдық ортаны таза ұстауда кәсіп­кер­лер де немқұрайлылық танытуда. Соның салдары өмір сүріп отырған ортамыздың ластануы­­на әкеліп соқтыруда. Бұған жол бермей, аудан халқы санитарлық тазалыққа аса мән беруі қажет. Барлығы да тазалық іс-шараларына белсенді атсалысуы тиіс. Себебі, тазалық – баршаға ортақ, – деді аудан әкімі.

Иә, «Тазалық – мәдениетті­лік өл­­­­­­ше­мі» десек, айналаны­ та­за ұс­­­­тау­­ды әдетке айналдыруымыз ке­рек­­­. Сон­­­­да ғана өркениетті қоғам­ға қа­­­­рай бет түзейміз. Аудан орта­лығы мен ел­ді мекендердегі көше та­за­лығы­на жа­уапкершілікпен қарап, көркей­ту жұ­мыстарын жоғары дең­гейде жүр­гізгенде азаматтығы­мыз­ға сын бол­масы анық. Әркім есік алдын, жүрген жерін, көше бо­йын таза ұс­таса, денсаулыққа кері әсері болмайды. «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан сыр­­дария­лықтардың туған жер таза­лығын сақтауға мән бергені жөн.

Бұл пікірді аудан орталығы – Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бах­тиярұлы да қуаттай түсті. Кент басшысы тұрғындарды Тереңөзек кентін бірге көркейтіп, гүлдендіруге шақырады.

– Баршамызға белгілі, жылы, шуақты көктем айы да аяқталуға жа­қын қалып, жаз айы да келіп жетті. Бұл кезең – көркейту, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыратын тамаша уақыт. Сіздерді кенттің әкімі әрі кенттің тұрғыны ретінде аудан орталығының санитарлық тазалық жұ­мыстарына жанашырлықпен белсене қатысуға шақырамын. Таза­лық жай ғана жүрдім-бардым қарай­тын дүние емес. Мұнда үлкен тәрбие не­гізі, мәдениеттілік бар. Себебі, та­за­лық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәр­биесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол жан-жақты адам өмірін, бо­ла­шағын, имандылығы мен адам­гершілік сияқты кісі ғұмырына тән көп­теген тармақтарды қамтиды. Да­на­­­ларымыз адам өмірінің зор байлығы – денсаулық десе, ал ден­саулықтың кепілі – тазалық еке­нін ұғындырған. Сондықтан таза­лық – адамның мәдениетті­лігінің, адам­гершілігінің таразысы, иман­ның жар­тысы саналады, – дейді Терең­өзек кентінің әкі­мі.

Расында да біз көше мәдениеті туралы сөз қозғағанда ең алдымен тазалықты айтатынымыз анық. Өйткені, көшедегі мәдениеттіліктің бастауы тазалық екені айтпаса да түсінікті. Әрбір адам өзінің көшесін, ауласын таза ұстау арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Ал қоршаған орта күл-қоқысқа толып жатса, оның адам денсаулығына тигізер зияны көп. Сол себепті де кент әкімінің тұрғындар айналаны ластамай, бі­реудің айтуымен емес, өздерінің денсаулығы үшін санитарлық та­залыққа мән беріп қарағаны жөн деген пікірінің жаны бар.

Жыл сайын көктемгі және күзгі уақытта екі айлық тазалық айлығы жүргізіледі. Облыс, аудан көлемінде уақыты бекітіліп, сол бойын­ша сенбіліктер ұйымдастырылады. Тиі­­сінше, осы мезгілде де аудан тө­­ңірегінде тазалық айлығы жалға­суда. Соның нәтижесінде, біраз кө­ше бойы тазартылып жатыр. Десе де қазіргідей көктем-жаз мезгілінде жауапкершілікті сезінбеген кей­бір тұрғындардың тұрмыстық қалдық­ты бей-берекет шашып тастауынан көше бойында санитарлық тазалық талаптары сақталмауда. Осы тұста, тұрғындар тазалыққа қатысты жа­уап­кершілікті сезінуі тиіс.

– Өзінің есік алдын, көше жақ бетін тазартып, күл-қоқысты шы­ғармай, таза ұстаса, оның қоғамға тигізер пайдасы көп. Яғни, әрбір адам көше тазалығына жауап берсе, кенттің де келбеті айшықтала түсетіні анық. Сондықтан кент тұр­ғындарын көше тазалығын сақтауға, тазалық акцияларына, оның ішінде республика деңгейіндегі «Таза Қа­зақстан» акциясына белсене қа­тысып, Тереңөзек кентінің таза­лы­ғын сақтауға бір кісідей қаты­­суға ша­қырамын. Туған жеріміз Терең­өзекті бірге көркейтейік, – деп қо­рытты Ержан Бахтиярұлы өз сөзін.

Халық даналығында «Көшесі та­заның – көңілі таза» деген жақсы сөз бар. Көңіліміз таза, өміріміз жайлы бол­сын десек, тазалыққа мән бе­рейік. Ол үшін әрбіріміз өз аула­мызды, өз көшемізді таза ұстап, аудан тазалығын бірге қалыптастыр­ғанымыз жөн. Сонда ғана ауданымыз абаттанып, тазарып, кентіміз көркеймек.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
27 мамыр 2023 ж. 341 0