Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сенбілік – баршаға ортақ іс

Сенбілік – баршаға ортақ іс

Өмір сүріп отырған коршаған ортаны, тұрып жатқан көше бойын, есік алды ауланың та­залығын сақтаудың адам денсаулығына тигізер пайдасы көп. Сол себепті де аудан тұрғындары тазалақ тұрғысындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өйткені, көше бойын, кентті, ауылды қоқыспен ластағаннан өзінен бастап өзге тұрғындарға да зияны тиетінін ұғынғаны абзал.

Тұрғылықты жерді тазалауға қатысты көктем, күз айларында тазарту айлықтары жүргізіледі. Соған орай күз мезгілінен бастап тазалық іс-шаралары тұрақты жүргізіледі. Осыған байланысты өткен сенбіде сырдариялықтар жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Аудандағы мемлекеттік мекеме, дербес бөлім қызметкерлері кент және ауылдардағы көшелерді күл-қоқыс, шөп-шаламнан тазартты. Тереңөзек кентінде О.Мәлібаев елді мекені аумағында тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық – саулық негізі» десек, сенбілік, жалпы тазалық жұмыстарына тұрғындар белсене атсалысу тиіс. Себебі, тазалық – баршаға ортақ іс. Сенбіліктің жұмыстарының екіжақты тәрбиелік мәні бар. Біріншіден, бұл көпшілікті еңбекке баулу болса, екінші жағы туған жердің таза әрі тартымды болуы, яғни ішкі мәдениеттілікті қалыптастырудағы маңызы зор. Сондықтан ортақ іске ұйыса білсек, өмір сүріп отырған ортамыз тап-таза болмақ.

Е.БЕРКІНБАЕВ
06 қыркүйек 2022 ж. 534 0