Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көше тазалығы басты назарда

Көше тазалығы басты назарда

Өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, тұрып жатқан көше бойын, есік алды ауланың тазалығын сақтау­дың адам денсаулығына тигізер пайдасы көп. Осы орайда, аудан тұрғындары тазалақ тұрғысындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өйт­кені көше бойын, кентті, ауылды қо­қыспен ластағаннан өзінен бастап өзге тұрғындарға да зияны тиеті­нін ұғынғаны абзал.
Тұрғылықты жерді тазалауға қатысты көктем, күз айларында тазарту айлықтары жүргізіледі. Соған орай биылғы жылдың 7 қыркүйек пен 9 қараша аралығы ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың 2 айлығы болып белгіленді. Осыған байланысты өткен сенбіде сырдариялықтар жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Аудандағы мемлекеттік мекеме, дербес бөлім қызметкерлері «Жалын» тынығу лагері жақтан кентке кіретін А.Иманов көшесі бойын күл-қоқыс, шөп-шаламнан тазартты. Сондай-ақ Ж.Құттыбаев, Ғ.Мұратбаев, Д.Қонаев және тағы басқа көшелерге тазарту жұмыс­тары жүргізілді. Мұндай жалпыхалықтық сенбілік барлық ауылда ұйымдастырылды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, тазалық айлығы аудан орталығына кіреберіс көшелерді тазартудан бастау алды. Алдағы уақытта айлық барысында кент көшелерін тазалау жұмыстары жүреді. Оған кент тұрғындары да атсалысуы тиіс. Өйткені тазалық – баршаға ортақ.
Жалпы, сенбіліктің екіжақты тәрбиелік мәні бар. Біріншіден, бұл көпшілікті еңбекке баулу болса, екінші жағы туған жердің таза, әрі тартымды болуы, яғни ішкі мәдениеттілікті қалыптастырудағы маңызы зор.

Е.БЕРКІНБАЕВ

24 қыркүйек 2019 ж. 2 041 0