Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт елдің аспанында ұлы достық қалықтаған

Бейбіт елдің аспанында ұлы достық қалықтаған

Сүйікті Отанымыз Қазақстан көптеген ұлттар мен ұлыстардың қасиетті мекеніне айналды. Түрлі ұлт өкілдері Қа­зақстанды ту­ған жерім деп қас­терлеп, ұрпақ­та­рының Отанына айналған елді ­қадір тұтады.

Еліміздегі барлық ұлтқа ортақ мейрам саналатын 1 мамыр мерекесі – Қазақ­стан халқының бірлігі күні ре­тін­де аталып өтіледі. Қазақ­стан­дықтар бұл мерекені 1996 жыл­дан бері кеңінен тойлауда. Ресми мереке ретінде арнайы құжат Мемлекет басшысымен 1995 жылдың 18 қазанында бекітілген. Мемлекеттік мәрте­­бе­сі бар мейрамда ел тұрғында­рына демалыс беріледі.

Бірлік мерекесінің пайда болуына еліміздегі түрлі ұлт­тық құрамның ерекшелігі не­гіз болған. Тарихтан белгілі, өткен ғасырға дейін еліміздің ұлттық құрамы қазақтар ға­на болса, кейін респуб­лика аумағына өзге де ұлт өкіл­дері қоныстанып, осын­да үй-жайын тапқан. Оның бас­ты себебі – репрессия жылдарында, ашаршылық кезінде қа­зақ халқының саны аза­йып, ұжымдастыру саяса­тының жүр­­гізілуі. Яғни, Қа­зақ­стан­ның аумағына өзге елдер­ден орыс­тар, не­містер, украин, поляк, Кавказ халықтары және тағы басқа ұлттар қоныс аударыл­ды. Ал 1950 жылы КСРО-дан елімізге тың игеру мақ­сатында мыңдаған адам келіп, арасында тұрақты қо­ныс тапқандары да бар.

Қазақ халқын қынадай қыр­ған ашар­шылық еліміздегі қа­зақтар үлесін кемітіп жібергені тарихтан белгілі. Ресми де­­ректер қазақтардың санын бар­­­лық халық санының 30 па­йызын ғана құрағанын көр­се­­теді.

Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдары көші-қон саясатына үлкен мән беріліп, өзге ұлт өкілдері жаппай өз Отанына көше бастады. Дегенмен қазақ ұлтының саны демографиялық жағдайды қосқанда едәуір көбейе бас­тады.

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанды өз Отаным деп қа­былдап, тұрақтап қалған ұлттар мен ұлыстардың ауызбірлі­гі мен ынтымағы жарасқан. Атаулы күні бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай барша ұлттардың басы бірігіп, халықтық мерекені қуанышты көңіл-күймен атап өту дәстүрге айналды. Осы күні өзге ұлт өкілдері өз мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін дәріптеп, қиын-қыс­тау кезінде ата-бабаларын құ­рақ ұша қарсы алған қа­зақстандықтарға шынайы алғыс­тарын жаудырады.

– Негізінен менің ата-бабам – кавказдықтар. Біздер Қазақстанда дүниеге келдік. Осында оқып, білім алдық. Отбасылы болып, өз ұлтымыздың азаматына тұрмысқа шықтым. Қазақ халқының көп жақсылығын көрген ата-бабамыз бізді үнемі мейірімді болуға, бір-бірімізге бауырмал болуға үйретті. Аштықтан аман алып қалған қазақ халқының дархандығына таң қалатын. Өздерінің бала-шағасының аузынан жырып, бөтен елден келген өзге ұлт өкілдеріне нан беріп, олардың аман қалуына қол ұшын берген. Мұндай пейілі кең, жомарт халық әлемде жоқ шығар, сірә?! Бір үйдің баласындай көршілерімізбен тату-тәтті болып, дос-жаран таптық. Қазақтың ұлттық дәстүрін жатқа білеміз. Ұлт­тық тағамдарын да жақсы көреміз. Шұрайлы қазақ тілінде сөйлейміз. Балаларымыз да туған жерін ештемеге айырбастамайды. Туған тілінде сөйлесе де, қа­зақ тілінің мәртебесін биік қояды. Қазір орта жас­тан асып, аға буын өкілі болдық. Ауданда бірнеше ұлт өкілі бар. Барлығымызды біріктіретін елдің ырысы мен ынтымағы. Түрі басқа болғанымен, жүрегі бір халықтың бірлігі мәңгі жасасын, – дейді кент тұрғыны Л.Махмурзаева.

Киелі мекен Сырдарияда шешен, кәріс, орыс, молдаван, украин, неміс, өзбек және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. Олардың жергілікті халыққа айтар алғысы мол. Әсіресе, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ұлы достықтың туы биікке көтеріледі. Бей­біт елдің аспанында татулық, бірлік, ынтымақ, жарасым табады.

Жаса, жайнай бер, ұлы Отан!

Бибісара ЖАНӘЛІ
29 сәуір 2023 ж. 218 0