Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты ағайын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді татулық пен келісімнің шынайы үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Бұл мейрам – сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған мереке.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Қиын кезеңдерде ата-бабаларымыз елімізден пана іздеп келгендердің бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, бір үзім нанды бөліп жеді. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Берекесі мен қазанын ортайтпаған, қанағатшыл болып, өзгені өзекке теппеген халқымыз ұтымды іспен, орамды оймен құшағын кеңейтіп келеді.
Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәңгілік елдің алтын діңгегі – береке мен бірлікте!» - деп атап көрсетті. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, қасиетті Сырдария жерінде бүгінде 16-дан аса этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде.
Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша облыста жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі



01 мамыр 2019 ж. 1 119 0