Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ұлттық бәйгесі өтті

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» ұлттық бәйгесі өтті

Қалалық ипподромда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні аясында «Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сыр еліндегі дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 70-ке жуық шабандоз бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.
Атап айтсақ, 5 шақырымдық тай жарыста І орынды Жамбыл облысынан Нұрислам Амангелді, ІІ орынды Шиелі ауданынан Төрехан Бейбарыс, ІІІ орынды Жамбыл облысынан Әбіқадыр Санжар жеңіп алды.

11 шақырымдық құнан бәйгеде І орынды Сырдария ауданынан Абдулашим Рамазан,
ІІ орынды Шиелі ауданынан Рамазан Нұрлыбекұлы,
ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Рауан Нартайұлы иеленді. 15 шақырымдық
тоқ бәйгеде
І орын Жамбыл облысынан келген Нұрасыл Танатқа, ІІ орын Алматы облысынан келген Болат Әбдікәрімге, ІІІ орын жаңақорғандық Төрехан Сұлтанға бұйырды. 25 шақырымдық
аламан бәйгенің І орны Ұлытау облысынан Болат Әбдікәрімге,
ІІ орны Жамбыл облысынан Орынбасар Нұрымға, ІІІ орны Жамбыл облысынан Мақсат Нұржігітке табысталды.
Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

19 қазан 2025 ж. 53 0