Мамыр мерекелері кең көлемде аталып өтіледі
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні облыс көлемінде кең көлемде аталып өтіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте журналистерге ақпарат берілді.
- 2023 жыл маңызды оқиғалармен мерекелік іс-шараларға толы. Солардың қатарында мамыр мерекесінің басты идеялық мазмұны - өзара сенім мен азаматтық теңдік қағидаттары, барша қазақстандықтардың бір-біріне ізгі ниеті, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілігін сезінуі негізінде қазақстандық бірлікті дамыту, өркендеген мемлекетті жүйелі түрлендіру және бірлесіп құру, - деді облыстық қоғамды даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
- 2023 жыл маңызды оқиғалармен мерекелік іс-шараларға толы. Солардың қатарында мамыр мерекесінің басты идеялық мазмұны - өзара сенім мен азаматтық теңдік қағидаттары, барша қазақстандықтардың бір-біріне ізгі ниеті, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілігін сезінуі негізінде қазақстандық бірлікті дамыту, өркендеген мемлекетті жүйелі түрлендіру және бірлесіп құру, - деді облыстық қоғамды даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
Осы ретте айта кету керек, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы өтті. Оған облысымыздан 25 адам делегация қатысты.
Басқарма басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы сессияда көтерілген мемлекеттік тіл, азаматтық патриотизм және ұлттық бірегейлік, этносаясатты дамытудың өзекті мәселелері басшылыққа алынып, жүйелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, оның жалпыхалықтық сипатын ескере отырып, облысымызда 40-тан астам қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, спорттық, ағартушылық және ғылыми-танымдық шара өткізіледі. Мереке 24 сәуірден басталып 3 мамырға дейін жалғаспақ.
Облыстың негізгі мерекелік мәдени-көпшілік шарасы 1 мамыр күні сағат 10.00-де Қызылорда қаласының «Сыр ана» монументі алаңында «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» тақырыбымен өтеді.
Онда шатырларда түрлі Ұлт өкілдері мен қазақ халқының қолөнер туындыларының, ұлттық тағамдарының көрмелері қойылып, өнері көрсетіледі. Сондай-ақ, гүлдер фестивалі ұйымдастырылатын болады. Сахна алдындағы шара театрландырылған қойылыммен басталады және жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасады.
Сонымен қатар, биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 78 жыл. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу әскери дәстүрлердің сабақтастығымен мемлекеттің бейбітшілігін, аға ұрпақтың ерлігі мен батырлығы көрінісінің ажырамас бөлігі.
Сыр өңіріндегі атаулы мерекенің шаралары 3-10 мамыр аралығына жоспарланған. Жоспарға 60-тан астам негізгі шара енді.
Сондай-ақ, өткен жылдан бастап еліміздің мемлекеттік туы түстес «Жеңіс лентасы» патриоттық лентасын мереке күндері жаппай кию бастамасы кеңінен қоғамдық қолдауға ие болған. Осы ретте, «Жеңіс лентасын» Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің бірыңғай шоғырландырушы атрибуты ретінде кеңінен пайдаланылып, халық арасында таратылады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі