Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеті қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Жеті қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Халықаралық World Boxing федерациясы өз тарихында алғаш рет әлемдік рейтингті жариялады. Тізімге 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, әлем кубогының және World Boxing Challenge сериясының қорытындысы бойынша үздік боксшылар енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасынан бірден жеті спортшы өз салмақ дәрежесінде рейтингтің көшін бастады. Олардың қатарында:
Назым Қызайбай (48 келіге дейін);
Аида Әбікенова (65 келіге дейін);
Наталья Богданова (70 келіге дейін);
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін);
Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін);
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Сонымен қатар үздік үштікке енген қазақстандықтар да бар:

Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын);
Виктория Графеева (60 келігедейін, 3-орын);
Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын);
Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын).
Еске сала кетейік, Англияда өткен жарыста Қазақстан құрамасы7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Чемпиондар қатарында Санжар Тәшкенбай, Махмұд пен Торехан Сабырхандар, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова және Виктория Графеева бар.


Фото: Ақорда баспасөз қызметі
19 қазан 2025 ж. 58 0