Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бір топ құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент бір топ құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ құтқарушыны марапаттады. KAZINFORM

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әзімбаев Шынболат Берікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Мергасимов Әзімхан Айдарханұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қызылжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Көбетаев Руслан Рүстемұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі;

«Құрмет» орденімен

Елеуов Ерлан Мұратұлы – Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Беген филиалы Дөңгелек орманшылығының тракторшысы

Жұмағалиев Арыстан Әуезұлы – «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Ақтөбе филиалының № 4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Көбенов Әділбек Жұмабайұлы – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры

Қуаналиев Амангелді Құрмашұлы – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Атырау облысы филиалының директоры

Мұхамбетжанов Сайлау Жұмағұлұлы – Ұлытау облысы «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ Түгіскен ауылының ерікті өртке қарсы құралымының өрт сөндірушісі;

«Ерлігі үшін» медалімен

Ахмедов Амиран Сулейманович – Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК құтқарушысы

Ахметжанов Серікбай Барлыбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының фельдшері

Бухал Андрей Анатольевич – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқышы-нұсқаушысы

Демежанов Жанат Қадылбекұлы – «ESK protection» ЖШС өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, Алматы қаласы

Жаңғақов Серік Қожахметұлы – Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК құтқарушысы

Жолжақсынов Нұржан Тұрсынбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы

Көбенов Тимур Қорғанбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы «Қазығұрт» трассалық медициналық-құтқару пунктінің фельдшері

Максимов Игорь Владимирович – Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ бас құтқарушы-маманы

Молдажанов Марат Зайзуллинұлы – Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Бесқарағай филиалы өрт сөндіру станциясының жұмысшысы

Павел Евгения Николаевна – «Волонтерское движение LIDER.KZ» ҚБ басшысы, Абай облысы

Сәрсенғали Қанат Ғабдоллаұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Сейітжанов Жәнібек Ермекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі № 23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Скопин Артём Алексеевич – «Алматы қаласының альпинизм федерациясы» ҚБ басшысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Бекбаулова Ержан Мұқатайқызы – Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы

Бердашев Замир Амангельдинович – «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалының директоры, Батыс Қазақстан облысы

Жаймағамбетов Сырым Бисенбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Мыскин Павел Анатольевич – «Алматы қаласының метрополитені» КМК әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бастығы

Прошкина Ирина Ивановна – Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК «Заря» филиалының құйып-алушысы

Силинский Геннадий Юрьевич – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды облысы филиалы директорының орынбасары

Смамбаев Сұлтан Балтаұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының Қостанай мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы

Сүлейменов Аманжол Әуелнұрұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ «Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы» филиалы Есік өндірістік-пайдалану бөлімінің басшысы

Тобағабылов Әбдірахман Бақытжанұлы – «Серіктес» авариялық-құтқару қызметі» ЖШС бас директоры, Қарағанды облысы.

Марапатталғандардың қатарында өз өмірін қатерге тігіп, ерлігімен көзге түскен құтқарушылар барқ

Шынболат Берікұлы Әзімбаев – Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі.

Азаматтық қорғау органында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет бабында талай рет алапат өртті өшіруге қатысты. Мысалы, биыл 7 қыркүйекте ол «Астана» шағын ауданындағы өртенген тұрғын үйден 20 адамды эвакуациялады, сондай-ақ құлыптаулы пәтерден үш баланы алып шықты. 

Оның жетекшілігімен «Жамбыл Полимер» зауыты аумағындағы өрт оқшауланып, басқа өндіріс орындарына жайылуына жол берілмеді. Өйткені онда жойқын жарылысқа себеп болатын газ баллондары бар еді. 

Шынболат Әзімбаевтың 2021 жылы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан болған өртті өшіруге және апат салдарын жоюға атсалысқанын атап өткен жөн. 

Бүгін ол Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. 

Руслан Рүстемұлы Көбетаев – Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі.

Ол әрдайым қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуымен көзге түсті. Мысалы, биыл 3 тамызда оқиға орнына келген Руслан Көбетаев бірден газ-түтіннен қорғау звеносын іске қосып, қою түтін мен бетті шарпыған ыстық жалынға өзі бастап кірді. Нәтижесінде бірнеше адам аман қалды.

Руслан Көбетаевқа Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Андрей Анатольевич Бухал – «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыш-нұсқаушысы.

Ол қызмет барысында 7700 сағаттан астам уақыт бойы тікұшақ басқарып, көптеген жанды ажалдан арашалап қалды.

2021 жылы мамырда Шарын шатқалында нөсер жауыннан кейін сел жүріп, тоғыз адам қауіпті жағдайға душар болғаны белгілі. Соның ішінде 11 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Командир Андрей Бухал басқарған ЕС-145 тікұшағының экипажы баланы бірінші болып тапты. Жарлауыт жерге қона алмағандықтан, құтқарушы арқанның көмегімен төменге түсіп, зардап шеккен адамды маңайдағы елді мекенге жеткізді.

Ал биыл тамыз айында Андрей Бухал Орджиникидзе шыңындағы күрделі іздестіру-құтқару операциясына қатысты. Ауаның құрғақтығына, өкпек жел мен суыққа қарамастан, ол зардап шеккен альпинисті 4410 метр биіктіктен сәтті эвакуациялады.

А.Бухал «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Игорь Владимирович Максимов – ҚР ТЖМ «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы маманы. Халықаралық санаттағы құтқарушы дәрежесіне ие.

Еңбек жолында көптеген құтқару операциясына, атап айтқанда, Күйгенсай шатқалындағы өртті өшіруге (2002); Сырдария өзеніндегі мұз құрсауын бұзып, сеңді жүргізуге (2004-2005); Кімасар шатқалындағы, Күрті су қоймасындағы және Қызылағаштағы іздестіру операцияларына (2010); Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарымен күреске (2023) т.б. қатысты.

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қанат Ғабдоллаұлы Сәрсенғали – Батыс Қазақстан облысы ТЖД Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

Қызметтік міндетін атқару барысында жоғары кәсібилігімен және батылдығымен көзге түскен азамат. 2024 жылы қаңтар айында Қанат Сәрсенғали Орал қаласындағы өртті ауыздықтау кезінде ерлік танытып, үй ішінде қалып қойған адамды алып шықты.

Былтырғы су тасқыны кезінде Теректі ауданы тұрғындары мен олардың мүлкін қауіпсіз жерге көшіруге белсенді атсалысты.

«Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Жәнібек Ермекұлы Сейітжанов – Ақмола облысы ТЖД Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №23 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі.

Құтқарушылар сапында 2006 жылғы наурыздан бері қызмет етеді. Ол қашанда батыл әрі сауатты қимылдап, өз өміріне қатер төнсе де, адамдарды құтқарып келеді.

Биыл 5 мамырда Жәнібек Сейтжанов өртеніп жатқан пәтерден үш адамды аман алып шықты.

Бүгін оған «Ерлігі үшін» медалі салтанатты түрде табысталды.

Айта кетейік, Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Фото: Ақорда




19 қазан 2025 ж. 44 0