Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай өзгереді

Келер жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай өзгереді

Келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы артады. Сондай-ақ бүгінде тегін көрсетіліп жүрген бірқатар медициналық қызмет МӘМС жүйесіне өтеді. Әлеуметтік осал топтар үшін жарна енді жергілікті бюджет есебінен төленбек. Президент қол қойған жаңа заңда тағы қандай өзгерістер бар? Оның негізгі мазмұнын Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы талдап көрді.  KAZINFORM

МӘМС жүйесіндегі жаңа тәртіп 
2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға түзетулерге қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл өзгерістер ең алдымен әлеуметтік әлжуаз топтарды қорғауға бағытталған.

Бүгінде Қазақстан халқының 82,3%-ы немесе 16,7 миллион адам сақтандыру жүйесіне қатысады. Алайда 3,3 миллионнан астам азамат әлі де МӘМС жүйесіне кірмеген. Олардың ішінде 2,4 миллионы – табысы жеткілікті болғанымен, жарна төлеуден жалтарып жүргендер. Ал шамамен 1 миллион адам – табысы күнделікті қажеттілігін ғана өтеуге жететін, әлеуметтік осал топқа жатады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми жауабына сәйкес, дәл осы соңғы санаттағы азаматтарға мемлекет жаңа тәртіп бойынша қолдау көрсетеді. Енді дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейге жатқызылған тұрғындардың жарнасын жергілікті бюджет төлейді. Төлем азамат медициналық көмекке жүгінген сәтте автоматты түрде аударылады. Сонымен қатар ресми тіркелген жұмыссыздардың да жарнасы енді жергілікті қазына есебінен төленеді. Бұл қадам сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік теңсіздікті азайтып, медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Коллаж: Kazinform/Freepik





19 қазан 2025 ж. 47 0