Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ


Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бас­тамасымен қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Ел Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғын­дарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Соған сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, қызмет алушылар және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанбаған жағдайда, шағым беру тәртібіне қатысты нормалар Заңда енгізілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау және оны бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне жүктелген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреті шегінде былтырғы жылы 38 мемлекеттік органда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесімен, 27 209 заң бұзушылық анықталып, 48 лауа­зымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Көп орын алатын бұзу­шылық­тар қызмет алушылардан артық құжаттар талап ету, кем құжат бола тұра қызмет көрсету, қызмет көрсету тәртібін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, қызмет алушыларға жағдайлар жасамау, қызмет берушілердің біліктілігін арттырмау сияқты бұзушылықтар. Сондай-ақ, 4 лауазымды тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, қызмет көрсету мерзімін бұзғаны және қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылып, сот тәртібімен барлығы 500 мың көлемінде әкімшілік айыппұл мемлекет қаржысына өндірілді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республи­касында мемлекеттік қызметтер көрсе­ту саласы белсенді түрде дамуда жә­не қоғам өмірінде маңызды рольге ие екенін атап өту қажет. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Елбасы өз Жолдауларында мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру, Электронды үкімет порталын қол­­да­нушыларды көбейту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырма жүктеді. Мемлекет Басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілердің азаю­­ына негіз болады деп есептеймін. Осыған байланысты, Департаменттің бастамасымен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына, жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына Е-gov электронды үкімет порталымен жұ­мыс жасау дағдыларын үйрету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін оқыту жүргізуде. Яғни, қыз­мет алушы мемлекеттік қызметтерді Е-gov электронды үкімет порталы арқылы алып, қызмет берушімен тікелей байланыс орнатпауды шектеу болып табылады. Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізері анық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қыз­мет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсет­кіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.


М.Байқуатова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің бас маманы
17 сәуір 2018 ж. 2 559 1

Philipp от 19 мамыр 2025 04:21
Good day! This is kind of off topic but I need some help from an established blog. Is it very difficult to set up your own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty quick. I'm thinking about setting up my own but I'm not sure where to start. Do you have any ideas or suggestions? Cheers casino en ligne fiable Good day! This is kind of off topic but I need some advice from an established blog. Is it very hard to set up your own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty fast. I'm thinking about creating my own but I'm not sure where to begin. Do you have any tips or suggestions? Thanks casino en ligne Hi there everyone, it's my first visit at this web page, and piece of writing is in fact fruitful for me, keep up posting these content. casino en ligne France If you desire to obtain much from this article then you have to apply these methods to your won weblog. casino en ligne francais Thank you for another fantastic post. The place else could anyone get that kind of information in such a perfect approach of writing? I have a presentation subsequent week, and I'm at the search for such information. casino en ligne Have you ever thought about including a little bit more than just your articles? I mean, what you say is fundamental and all. Nevertheless think of if you added some great photos or videos to give your posts more, "pop"! Your content is excellent but with pics and clips, this website could definitely be one of the best in its niche. Great blog! casino en ligne France Thanks for another great post. The place else may just anybody get that type of information in such a perfect manner of writing? I've a presentation next week, and I'm at the search for such info. casino en ligne France Pretty! This was an extremely wonderful post. Many thanks for supplying this information. casino en ligne Hi there, just became alert to your blog through Google, and found that it is really informative. I'm gonna watch out for brussels. I'll appreciate if you continue this in future. Numerous people will be benefited from your writing. Cheers! casino en ligne Thanks in support of sharing such a pleasant thought, post is nice, thats why i have read it completely casino en ligne fiable