МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Ел Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Соған сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, қызмет алушылар және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанбаған жағдайда, шағым беру тәртібіне қатысты нормалар Заңда енгізілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау және оны бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне жүктелген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреті шегінде былтырғы жылы 38 мемлекеттік органда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесімен, 27 209 заң бұзушылық анықталып, 48 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Көп орын алатын бұзушылықтар қызмет алушылардан артық құжаттар талап ету, кем құжат бола тұра қызмет көрсету, қызмет көрсету тәртібін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, қызмет алушыларға жағдайлар жасамау, қызмет берушілердің біліктілігін арттырмау сияқты бұзушылықтар. Сондай-ақ, 4 лауазымды тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, қызмет көрсету мерзімін бұзғаны және қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылып, сот тәртібімен барлығы 500 мың көлемінде әкімшілік айыппұл мемлекет қаржысына өндірілді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласы белсенді түрде дамуда және қоғам өмірінде маңызды рольге ие екенін атап өту қажет. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Елбасы өз Жолдауларында мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру, Электронды үкімет порталын қолданушыларды көбейту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырма жүктеді. Мемлекет Басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілердің азаюына негіз болады деп есептеймін. Осыған байланысты, Департаменттің бастамасымен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына, жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына Е-gov электронды үкімет порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйрету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін оқыту жүргізуде. Яғни, қызмет алушы мемлекеттік қызметтерді Е-gov электронды үкімет порталы арқылы алып, қызмет берушімен тікелей байланыс орнатпауды шектеу болып табылады. Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізері анық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

М.Байқуатова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің бас маманы