Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Марал Байқуатова бүгін Сырдария ауданында болып, аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында жиналыс өткізді. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Н.Исаев, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын жауапты мамандары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел форматында өткен жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, электронды қызмет көрсету аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сонымен бірге, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына түсіндірме берілді. Регламент талаптарын қатаң сақтау керектігін атап өткен Марал Жұмабекқызы сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – басты мақсат екенін жеткізді. Өз кезегінде жиналысқа қатысушы сала мамандары сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптар алды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
22 қаңтар 2018 ж. 1 531 0