Мемлекеттік қызмет көрсету
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі 5 нысан бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мемлекеттік мекеме арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер: «жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» және «сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
2017 жылдың 10 айы бойынша Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 63 өтініш қабылданды. Оның ішінде: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - 28, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі бойынша – 1, «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі бойынша -34 қызмет көрсетілді.
Ауыл әкімдігінде халықты ақпараттандыру үшін көрнекі жерге стандарттар мен регламенттер жазылған стенд ілінген. 2017 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдері бұзылған және азаматтардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
Алдағы уақытта да ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды басты назарға алып жұмыс жасайды.
Сәкен Сейфуллин ауылдық
округі әкімі аппараты