Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия активі: Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

Партия активі: Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев­тың төрағалығымен Президенттің «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бере­келі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған актив жиыны өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аудан басшысы Президент өз Жол­дауында саяси реформалардың жа­ңа бағдарламасы мен әлеуметтік-эко­номикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар нақ­тылап, алдағы міндет­терді айқындап бергенін жет­кізді.

– Жолдаудан кейін Үкімет басшы­сының төраға­лығымен кеңейтілген жиын өткізілді. Ә.Смайлов Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын әзірлеуді және халықтың әл-ауқатын арттыруға ба­ғытталған жүйелі және салалық іс-шаралар кешенін қабылдауды тап­­сырды. Соған сәйкес облыс әкі­мі Н.Нәлібаев алдымызға нақты мін­­деттер қойып, атқарылуы тиіс жұ­­мыстарды саралады. Біз Президент Жолдауында айтылған барлық бағ­­дар бойынша нақты іс-шаралар қабыл­­дап, сапалы әрі уақытылы іске асырамыз, – деді аудан әкімі.

Жиында аудандық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, «Сырдария ауданының әйелдері» қо­ғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева, аудандық мәс­лихат хатшысы Ержан Әжікенов сөз алып, Жолдауда көрсетілген мін­деттер ел экономи­касына серпін бе­ре­тінін жеткізіп, ұсы­ныстарын орта­ға салды.

Ауданда электр, ауыз су және жылу желілерінің тозу деңгейі де үлкен мәселе. Алдын ала есептеу көрсеткендей, аймақта тек электр жүйелерінің тозу деңгейін 68 пайыздан 30 пайызға дейін төмендету үшін 153 млрд теңге қаржы қажет. Мұнан бөлек, ауылдарды газдандыру және ауыз су апару мәселесі бар. Осы ретте, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев салалық орынбасарлары мен тиісті мекеме басшыларына тозығы жеткен инфрақұрылымдарды жаңғыртуды ин­вестиция тарту арқылы шешуді тап­сырды.

Жолдаудың екінші бағыты – нақ­ты секторды дамыту. Жиында аудан әкімі инвестиция тарту мәселесіне ар­найы тоқталды. Енді Президент тап­сырмасына орай білім және меди­цина саласына инвестиция тарту жұ­мыстары өңірде күшейтілмек.

– Жылдың аяқталуына 4 ай уақыт қалды. Осы уақыт ара­лығында біз 10,8 млрд теңге инвестиция тартуымыз қажет. Сондықтан ауыл әкімдері, ауыл шаруашылығы, құрылыс, және кәсіпкер­лік бөлімдері көрсеткішті оң нәтижеге шығаруға жұмыс жүргізі­ңіздер. Көп жағдайда кәсіпкерлер есептерін уақытылы тапсырмауы мүмкін. Жеке сектордағы нысандардың статистика органдарына есептілік тапсыруын қамтамасыз ету қажет, – деді аудан басшысы.

Жолдауда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту негізгі проблемалардың бірі екендігін атап өтті және агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Жиында бұл мәселеге де аудан әкімі арнайы тоқталды.

– Алдағы уақытта облыстың дамуының драйвері тек ши­кізат ресурстары ғана емес агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беру айқындалуда. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге және ауыл тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне де мүмкіндік береді. Бүгінгі күні аудандағы мал өнімдері өндірісінің 85 пайызы үй шаруашылықтарының үлесінде. Ол үшін азық-түлік қауіпсіздігін тиімді пайдалану мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперация жүйесін жетілдіру қажет. Ол үшін 2023 жылдан бастап жаңа «Ауыл хал­қының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау бойынша шағын кредиттер беру» республикалық бюджеттік бағ­дарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл бағытта келесі жылы республикалық бюджеттен облысқа 3 млрд теңге қаржы бөлінуі көзделуде. Осы қаржының ауданымызға тиісті үлесін алып қалуға тиістіміз. Өткен айда Президент Жарлығымен жер заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізуге мораторий алынып тасталды. Елімізде жерді қайтарып алу жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аясында 5 млн гектар қайтару қажет болса, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі аудан бойынша ағымдағы жыл соңына дейін 26 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жер­лерін мемлекетке қайтаруды белгілеп отыр. Ауданда бұл бағыттағы шаралар арнайы құрылған жұмыс тобымен атқарылуда. Нәти­жесінде, бүгінгі таңда 26 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл шаралар әлі де жалғасын табатын болады. Өздеріңізге белгілі, ауданымызда ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалануда даулы мәселелер әлі де басылмай тұр. Осы шаралар арқылы жер дауы мәселелерін шешуге толыққанды мүмкіндігіміз бар. Өздеріңізге белгілі, егін жинау науқаны қазан айында аяқталады. Тәжірибе көрсеткендей жер дауы мәселесі қайтадан ушыға түседі. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру арқылы тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, осы бастан қажетті шараларды қабылдауымыз керек, – деді аудан басшысы.

Жиында Жолдауда айтылған басқа да басым бағыттар кеңінен талқыланды. Аудан әкімі әр бағыт бойынша нақты жұ­мыс істеуді тапсырып, аудандық мәслихат депутаттарын, құқық қорғау органдары мен мекеме басшыларын, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен зиялы қауым өкілдерін бірлесе еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ алда саяси маңызды науқан келе жатқанын айтып, ел ертеңі үшін маңызды кезеңді абыроймен ұйымдастыру керек екенін айтты.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
10 қыркүйек 2022 ж. 293 0