Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы – уақыт талабы мен халық үміті

Президент Жолдауы – уақыт талабы мен халық үміті

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті.

Активке аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, аудан ардагерлері, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым және ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Аудан басшысы Жолдау экономикамыздың алдағы даму стратегиясын айқындап бергендігін, Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, адам құқығын қорғауға бағытталған бастамаларын жариялағанын атап айтты. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы 5 бастама ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатынын ерекше атап өтті.

Аудан әкімі Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша ауданымызда нақты шаралар қабылданып, іске асырылатынтығын жеткізді.

Шағын кәсіпкерлік - бүгіннің талабы.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап, бөлінетін қаржының көлемі кемінде бір триллион теңге болатындығын айтты. Микро және шағын кәсіпкерлік саласында, бизнес үшін жиынтық салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді тапсырды.

Актив отырысында бірқатар сала басшыларымен зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихатының хатшысы Е.Әжікенов, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Ахетов, «Сырдария ауданының әйелдері » қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева Жолдауда белгіленген бағыттар бойынша баяндама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдау білдіріп, Мемлекет басшысының тарапынан жүктелген барлық міндеттердің жүзеге асырылуын бірлесіп орындауға шақырды.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы жолдауда берілген басым-бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс жасауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 қыркүйек 2021 ж. 420 0