Аудандық партия филиалы активінің отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы, Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлының төрағалығымен аудандық партия активі отырысы өтті.
Актив отырысына аудандық Саяси кеңес мүшелері мен партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив отырысында аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы кезектен тыс ХХІІ съезд қорытындылары мен партияны жаңғырту бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруда алда тұрған міндеттер жайында баяндама жасады.
Келесі кезекте партиялық жаңғырудағы жастар алдында тұрған міндеттер туралы «Jas Otan» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы хабарлама жасады.
Отырыс соңында филиал төрағасы Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы аудандағы барша партияластарды Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша реформаларында айқындалған еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттер мен партияны жаңғырту жұмыстарын бірлесе де белсенді атқаруға шақырды.