Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия активінің отырысында Жолдау талқыланды

Партия активінің отырысында Жолдау талқыланды

«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының партиялық активінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Партия активінің отырысына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев төрағалық жасады. Сонымен қатар отырысқа аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, партия ардагерлері, фракция мүшелері, партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

- Мемлекет басшысы Өз Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шараларды, ішкі, сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелерін айқындап, 7 бағытты нақтылап берді.

Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге ел экономикасын серпінді дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеп, оң нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Ендігі кезекте біз Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, сапалы іске асыруға тиіспіз.

Бірінші бағдар аясында жаңа экономикалық саясат макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландырудың тың тәсілдері қажеттілігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Жастарды жан-жақты қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі» екендігін де атап өтті.

Келер жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдауға жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие берудің тетігі іске қосылмақ. Бұл аудан жастары үшін кәсіппен айналысуға өте қолайлы мүмкіндік. Біз мұны тиімді пайдалануымыз қажет, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Партия активінің отырысы барысында партия ардагерлері Келдібаев Мұса Алпысбайұлы, Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы, аудандық мәслихаттың хатшысы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелер бойынша пікір білдірді.
06 қыркүйек 2022 ж. 370 0