Алдағы атқарылар жұмыс ауқымды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауын талқылау және айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сырдария ауданында аудан әкімі Руслан Рүстемовтың төрағалығымен идеологиялық актив жиыны өтті.
Актив жиынына облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, "Нұр Отан" Партиясының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер және Қоғамдық кеңес төрағалары, жастар, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Идеологиялық актив жиынын ашқан аудан әкімі Р.Рүстемов ел Президенті Қ.Тоқаевтың алғашқы Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдері көрніс тапқанын атап өтті. Сонымен бірге, Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге және жауапты тұлғаларға ел экономикасын серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктегеніне тоқтлды.
" Президент өз Жолдауында жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы алғашқы Жолдауында заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ, аймақтар мәселесі жайлы айтты. Сонымен қатар, жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттен жерді жалға тегін алып, жұмыс істемей текке ұстап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлерін қайтарып, жердің жұмыс істейтіндерге ғана тиесілі екендігін ескерте отырып, Үкімет пен Парламентке тиісті шараларды қабылдауды тапсырды" деді аудан басшысы.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаппай кәсіпкерліктің дамуы тұрақты жұмыс көзінің ашылуына, жұмыссыздық көрсеткішінің төмендеуіне, салық базасы мен жергілікті бюджеттің нығаюына оң әсер ететінін айтты. Бұл ретте аудан көлемінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымда жұмыстар жүргізілуде.
Алдағы уақытта жүзеге асырылатын басым бағыттар кеңінен талқыланған идеологиялық актив жиынында аудан әкімі бірқатар басшыларға нақты тапсрыма берді. Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты қадағалауда болатынын жеткізді.
Актив жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов, "Мағжан және К" серіктестігінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Д.Ералиев, "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірелстігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, денсаулық сақтау саласының ардагері Т.Раманқұл, мәденеиет саласының ардагері Т.Айсин, "Нұр Отан" Партиясмы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып хабарлама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.
"Тт-ақпарат"